БІШКЕКТЕ ЕМ АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚ БАЛАЛАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бішкекте ем алған атыраулық балалар елге оралды. Бүгін таңғы сағат 7-де 21 адам арнайы әскери ұшақпен жеткізілді. Бордта церебралды сал ауруына шалдыққан 9 бала мен олардың ата-аналары болған. Елге келісімен олардан коронавирусқа қарсы сынама алынған. Қазір психологтармен жұмыс жасауда. Айта кетейік, ерекше балалар екі апта Қырғызстанда ем алып, кейін әуе рейстерінің тоқтауының салдарынан елге жете алмаған. Елшілік өкілдері азаматтарға барынша көмек көрсетіп, билікке хат жолдаған. Кейін бүлдіршіндерді тасымалдау үшін Қорғаныс министрлігің авиациясы жұмылдырылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу