БИЫЛ ЖАРТЫ ЖЫЛДА БАСПАНА БАҒАСЫ 6%-ҒА ӨСТІ

Биыл жарты жылда баспана бағасы 6 пайызға өсті. Мамандардың айтуынша, пандемияға қарамастан, тұрғынүй нарығында оң динамика байқалды. «Крыша» сайтының мәліметіне сүйенсек, үй қымбаттаған қалалардың тізімін Өскемен бастады. Мұнда баспана бағасы бірден 12 пайызға өскен. Тараз, Семей және Оралда шамамен 9 пайызға қымбаттаса, Павлодар мен Шымкентте 8 пайызға көтерілген. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы жағдай бір қалыпты. Оңтүстік астанада бір шаршы метрдің бағасы орташа алғанда 440 мың теңгеге бағаланады. Бұл қаңтардағы бағадан 5 пайызға жоғары. Ал елорада шаршы метрдің бағасы жыл басынан бері 3 пайызға қымбаттап, 348 мың теңгеге дейін өскен. Сарапшылардың пікірінше, карантинге қарамастан үй бағасының өсуіне доллардың қымбаттауы әсер еткен. Үй сатушылар мен сатып алушылар шаршы метрдің бағасын шетел валютасымен бағалайды. Сондай-ақ, ипотекалық бағдарламалардың қолжетімді болуы да нарықтың жандануына себеп болды. Мамандардың болжауынша, егер экономикалық ахуал ушықпаса, халықтың төмен қабілеті төмендемесе, жылдың екінші жартысында да осындай оң динамика сақтала бермек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу