БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ НЕСИЕНІ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ПАЙЫЗДАРЫН ТӨМЕНДЕТУДІ ҰСЫНДЫ

Бизнес өкілдері несиені қайта қаржыландырудың пайыздарын төмендетуді ұсынды. Бұл туралы «Ақжол» партиясының Алматы кәсіпкерлерімен онлайн кездесуі барысында айтылды. Бизнес қауымдастықтың айтуынша, қазіргі дағдарыс жағдайында кәсіпкерлікке көмектесудің бірден бір жолы – қайта қаржыландыру. Егер банктер пайыздарын түсіретін болса, несиелендіру нарығы жанданып, іскерлік белсенділік артады. Ал, партия төрағасы Перуашевтің пікірінше, несие наурыздан бері кейінге шегеріліп келе жатыр. Бірақ борышкерлер одан пайда көріп отырған жоқ. Керісінше, қарыз көлемі бірнеше есеге өсіп кеткен. Сондықтан, «Ақжол» партиясы үкіметке ұсыныс жолдап, бизнеске несие демалысын беруді сұрамақшы. Онлайн жиында Алматы кәсіпкерлері де өз ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, несиені жылдың аяғына дейін кейінге шегеруді, өсімпұлдар мен күштеп өндіруді тоқтатуды, сондай-ақ, 2 пайызбен займ беруді сұрады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу