БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 8 ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ

Ауа райының қолайсыздығынан республикалық маңызы бар 8 жол жабық. Кешеден бері соққан боранның салдарынан далада қалып қойған 2000-нан астам адам құтқарылды. Қазірде олар жақын маңдағы әлеуметтік нысандарға жеткізілген. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша еліміздің 6 аймағында жедел штаб құрылған. Олар тәулік бойы жұмыс істеуде. Ал синоптиктер болса алдағы тәулікте желдің екпіні күшейе түседі деп болжап отыр. Кейбір жерлерде оның жылдамдығы секундына 30-31 метрге мүмкін. Еліміздегі ахуал жайлы толығырақ Қарлығаш Темірбайқызы баяндайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу