БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАР АЛДЫНДА 5 КҮН БҰРЫН ЕСКЕРТУ ЖІБЕРІЛЕДІ

Енді борышкерлерге шетелге шығар алдында 5 күн бұрын ескерту жіберіледі. Бұған дейін қарызы бар азаматтар сыртқа шығуға рұқсаты жоқ екенін ұшар алдында ғана біліп, рейстен түсірілетін. Әділет министрлігінің хабарлауынша, шетелге сапарлауға тыйым салынатын қарыз сомасының шегі 20дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Сондай-ақ, елден шығуға уақытша шектеу қою және күшін жою мерзімдері, тәртібі мен негіздері қайта қаралды. Енді соған сәйкес сот орындаушылары шектеулерді үш күн емес, бір күнде күшін жою алады. Айта кетейік, осыған қатысты заң күні кеше ғана күшіне енді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу