БҮГІННЕН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ

Бүгіннен бастап жәрдемақы мен зейнетақы көлемі өсті. Атап айтқанда жұмыс өтілі жоғары зейнеткерлер үшін базалық төлем 13 мың теңгеге артты. Бұған дейін барлық азаматтар біркелкі яғни 15 274 теңге зейнетақы алып отырды. Сондай-ақ сегіз және одан көп баласы бар отбасылардың жәрдемақысы ұлғайды. Әр бүлдіршін үшін төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем беріледі. Бұдан бөлек, бүгіннен бастап, 2018 жылы құрылған өтемақы қорынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі. Бұл бір жолғы төлем түрінде 30-дан 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Оны зорлық-зомбылықтың, адам саудасының және азаптау құрбандары, қылмыс кезінде ауыр жарақат алғандар талап ете алады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу