БУРАБАЙ МЕН ЗЕРЕНДІДЕГІ 22 ТУРИСТІК НЫСАН ҚАЙТА АШЫЛУҒА РҰҚСАТ АЛДЫ

Бірқатар туристік нысандар қайта ашылады. Нақтысалақ, Ақмола облысындағы 22 демалыс орны жұмысын жандандыруға рұқсат алып отыр. Шешім арнайы тексерістен кейін қабылданған. Ал ондағы барлық санитарлық талаптардың сақталуына арнайы мамандар жауапты болады. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша әр демалушыға 4 шаршы метрден орын берілуі тиіс. Сонымен, жағажайларын қайта ашуға рұқсат алған нысандардың 10-ы Бурабайда, тағы 12-сі Зерендіде. Бірақ мұнда тағы бір талап қойылған. Яғни, курорттық аймаққа тек алдын ала жолдама алған туристер ғана кіргізіледі. Есте болса, бұл жерлерге 24-ші шілдеден бастап карантин енгізілген. Оған өңірдегі тұрғындардың шектеулерге құлақ аспай, жаппай жағажайға келуі түрткі болған-ды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу