Бұрыңғы «Бесобалықтар» қайта шу шығарды

Қарағандыда құлаған аты шулы Бесобаның орнында бой көтерген Шапағат кешенінің де сапасы сын көтермей тұр. Көп қабатты тұрғын үй 2014 жылы бір сәтте баспанасыз қалған үлескерлерге берілген еді. Алайда, жаңадан салынған ғимараттың да «былығы» жетіп артылады дейді тұрғындар. Пәтер иелері үйдін сырты бүтін болғанымен, ішкі жағдайы тым нашар екенін айтып отыр. Жөндеу жұмыстарын бастамақ болғандары ғимараттың қабырғасы бетон емес, шлакаблок және гипсокартоннан ғана тұрғынын аңғарған. Қыста бұл баспаналардың суық болатыны сонша тіпті кәріз жүйесі қатып, жиі істен шығатын көрінеді. Тұрғындар ғимараттың қабырғасы жұқа болғандықтан күн суытса болды өмір сүруге қолайсыз деп шағымдануда. Сол себепті баспаналарын жалға беріп, өздері басқа пәтер жалдап жүруге мәжбүр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу