БҰРЫНҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЕЛЖАН БІРТАНОВТЫҢ ҚАМАЛҒАНЫ РАС ПА?

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қайда? Оның қамауға алынғаны рас па? Соңғы 3 күннен бері көпшілікті осы сұрақ мазалауда. Себебі сенбі күні бірқатар БАҚ беттері дерек көздеріне сүйеніп, Елжан Біртановтың қамауға алынғанын жазды. Оған қарағанда, Қаржылық мониторинг комитеті тергеуді бастап та кеткен. Бірақ әзірге ведомство ресми мәлімдеме жасар емес. Сонымен, егер Елжан Біртановтың қамалғаны рас болса, оған не түрткі болуы мүмкін? Мұнда жел соқпаса шөптің басы қозғалмайтынын да ескерген жөн шығар. Тақырыпты тілшіміз Құралай Пионер тарқатсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу