БҰҰ: 2050 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 24 МИЛЛИОНҒА ЖЕТЕДІ

2050 жылға қарай еліміздегі халық саны 24 млнға жетпек. Бұл- БіріккенҰлттар Ұйымының болжамы. Халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес, алдағы онжылдықтарда жер бетіндегі халық саны өседі. Қазіргі 7,7 млрд адам 2030 жылы 8,5 млрд-қа, ал 2050 жылы 9,7 млрд-қа дейін артады. Сәйкесінше Қазақстан халқының саны да өседі деп күтілуде. Биылдың өзінде қазақстандықтар қатары 1,3 пайызға артты. Соңғы 10 жылда елдегі халықтың орташа өсімі жылына 1,5%-ды құраған. Нақтыласақ 2014 жылы 65 жастан асқан тұрғындар 6,8% -ын құраса, 2018 жылдың соңында - 7,5%-ға жетті. Болжамға сәйкес, елде 65 жастан асқан егде жастағы адамдардың үлесі 2050 жылы қазіргі 7,5% -дан 14,1% -ға дейін екі есе артады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу