БҰҰ: Сирияның Конституциялық комитеті құрылады

БҰҰ: СИРИЯНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТІ ҚҰРЫЛАДЫ Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Сирияның конституциялық комитеті құрылатындығын ресми жариялады. Оның құрамына Президент Башар Асад билігі өкілдері мен оппозиция мүшелері кірмек. Демек, Таяу Шығыстағы 8 жылға созылған соғыстың ақыры тоқтарына үлкен үміт бар. Антонио Гутерриштың айтуынша, бұған дейін комитет жұмысы көктемде басталуы тиіс болған. Бірақ АҚШ процесті созбаламға салып келіпті. Сирияның Сыртқы істер министрі Валид аль-Моаллем ресми Дамакстің «терроризммен» күресті бәрібір тоқтапайтынын және оны халықаралық ережеге сәйкес жүргізетіндігін мәлімдеп отыр. Келесі аптада комитет мүшелері Женевада кеңейтілген құрамда кездесуі тиіс.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу