Бюджетің қыруар қаржысы қайтыс болған мүгедектерге бөлініп келген

Жамбыл облысында бюджеттің қыруар қаржысы қайтыс болған мүгедектерді оңалтуға бөлініп келгені белгілі болды. Прокуратура Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін тексеру аясында осындай 12 фактіні анықтады. Мысалы, өмірден өткен мүмкіндігі шектеулі жанның жеке көмекшісіне бірнеше ай бойы жалақы төленген. Ал, әлеуметтік қызметкерлерді қажет ететін I топтағы бірнеше мүгедекке, керісінше, көмекшілер ұсынылмапты. Сондай-ақ, 16 мүгедектен заңсыз табыс салығы ұсталғаны анықталды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу