БЖЗҚ 970 МЛН ДОЛЛАРДЫ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРҒА БЕРДІ

Қазақстандықтардың зейнетақы қорынан алынған 970 млн доллар шетелдік компанияларға берілді. Акциялар мен құнды қағаздар нарығындағы тәуекелдерді есепке ала отырып алдағы бірнеше жылда қосымша тағы қаражат аударады. Қазіргі кезде бірыңғай жинақтаушы қордың 11,8 млрд теңгеге жуық қаражаты сенімгерлікпен басқару арқылы айналымда. Жыл басынан жалпы инвестициялық кірісі 565 млрд теңгеден асады. Оның 69 пайызы қаржылық құралдардың сыйақысы ретіндегі аударымдар. Салымшылар үшін зейнетақы активтерінің кірісі 8,94 пайызға жетті. Бұдан бөлек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алғашқы жарты жылдықта Қазақстан Даму Банкі, Самұрық-Қазына мен Аграрлық Кредит корпорациясының құнды қағаздары да сатып алды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу