COVID-19: АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ЛАУАЗЫМ ПАЙДА БОЛАДЫ

Ауруханаларда жаңа лауазым пайда болады. Аты жаман аурудан жазылып, алғаш рет халық алдына шыққан Қамалжан Надыров осылай деді. Алматы қаласының басқарма басшысы бұл қауіпті індетті бақылауда ұстаудың бірден бір жолы екенін айтуда. Енді бас дәрігердің тағы бір орынбасары санитарлық қауіпсіздікке жауапты болады. Бұл әр медициналық мекемеге қатысты. Жаңа қызмет эпидемиологтардың мәртебесін көтеріп, стационарларға білікті мамандарды тартуға жол ашады. Сондай-ақ, алғы шепте жүрген инфекционист дәрігерлерге қосымша өкілеттілік береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу