COVID-19: ЕЛОРДА АУРУХАНАЛАРЫНДАҒЫ ОРЫНДАРДЫҢ 10%-Ы ҒАНА БОС

Ковидті емдеуге арналған елордадағы ауруханалар 90 пайызға толды. Егер тұрғындар сақтық шараларына бей-жай қарауын жалғастырса, Италиядағы жағдай астанада қайталануы әбден мүмкін. Бас қаладағы эпидемиологиялық ахуал қаншалықты нашарлағанын шаһардың бас дәрігері дәл осылай түсіндірді. Өйткені жағдай шынымен күрделі. Соңғы 3 күнде індетті 500-ге жуық адам жұқтырған. Олардың ішінде 80 адам реанимация бөлімінде, ал өкпені жасанды желдетуге қосылған науқастар саны бүгінде 4 есе өскен. Ауруды анықтау үшін сынама тапсырушылардың саны күрт артқандықтан қазір қалада 40 мыңнан астам ғана тест қалған. Өйткені инфекция белгілері жоқ болса да зертхана жағалап жүргендердің қарасы көп. Салдарынан ондағы вирусологтардың жұмысы да қиындаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу