COVID-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ҚАРСЫ 24 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛЫНБАҚ

Біздің Үкімет коронавирустың екінші толқынына қарсы 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алмақшы. Осылайша екі айға жетерлік қор құрылмақ. Бірыңғай дистрибьютордың логистикалық хабына барған Премьер-министр қауіпті дертті емдеуге арналған препараттардың қолда барымен танысты. Салаға жауапты министр Алексей Цойдың айтуынша, осы жерден ауруханаларға 8,7 млрд теңгеге тең 91 атаулы медициналық өнім жеткізілген. Алдағы уақытта қосымша тағы бірнеше партиясы алынбақ. Ол үшін жоспарлы рейстер санын 1,7 есеге арттырып, тиеу мерзімі 1 аптаға дейін қысқарыпты. Сондай-ақ, министрлік амбулаториялық деңгейдегі науқастарға тегін ұсынылатын дәрілер тізімін кеңейтпек. Енді бұл қатарға парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, дабигатран және апиксабан енгізілді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу