COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛМЕЙДІ

Коронавирусты жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы берілмейді. Бұл туралы салаға жауапты вице-министр Марат Шоранов мәлімдеді. Себеп ретінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы, карантиндік шектеудің жеңілдеуі және науқастар санының азаюы айтылған. Сондықтан, 20 қазаннан бастап ақ халаттылар тарапынан өтініш қабылдау тоқтатылады. Бүгінге дейін, 12 мыңға жуық қызметкерден аты жаман ауру анықталған. Алайда оынң тек 9 мыңы жұмыс барысында жұқтырған. Қазір олардың 95 пайызына 2 млн теңге көлемінде бір реттік төлем берілген. Қалған 5 пайызы, яғни 421 маман апта соңына дейін уәделі өтемақыға ие болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу