Дәрігерлер: Арыста зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайлары қанағаттанарлық

Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы Әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды. Бұл туралы медициналық қызметтің полковнигі Ғалымжан Омаров мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазір науқастардың жағдайы – қанағаттанарлық. Қаперде болса, 21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигонның аумағында жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрінің өздігінен жарылған болатын. 10 сапер жарықшақтан жараланған еді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу