ДӘРІГЕРЛЕР МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ӘЗІРЛЕУ ҰСЫНЫЛДЫ

Депутаттар Дәрігерлердің мәртебесі туралы жаңа заң әзірлеуді ұсынды. Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша тиісті құқықтық база болмаса, денсаулық сақтау саласына бөлініп жатқан миллиардтардар құмға сіңген судай жоғалуда. Әлемде ең құрметті мамандық саналатын ақ халаттылардың маңызы елімізде пандемия кезінде ғана айқындалды. Сондықтан оларды ынталандыратын қағидат керек. Сонда, дәрігерлер тапшылығы мәселесі де шешілер еді, - дейді депутат. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу