ДЕПУТАТ КРЕДИТТІК ТАРИХЫ БҮЛІНГЕН АДАМДАРДЫ «ҚАРА ТІЗІМНЕН» ШЫҒАРУДЫ СҰРАДЫ

Елімізде 1 жарым млн адам несиелерін төлеп бітірсе де, банктердің қара тізімінде тұр. Өйткені екінші деңгейлі банктер кредиттік тарихы бүлінген азаматтарға несие бермейді. Салдарынан қазіргі қысылтаяң кезеңде шарықтаған пайызбен несие алып, микрокредиттік ұйымдар мен ломбардтарды байытып жатқан қазақстандықтар көбейді. Осылайша бүгінгі күні азаматтарымыз ГРА: екінші деңгейлі банктерге 4 трлн 150 млрд, микрокредиттік ұйымдарға 350 млрд, және онлайн банктерге 100 млрд теңге қарыз. Сондықтан мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов кредиттік тарихы бүлінгендерге мүмкіндік беруді сұрады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу