Древний Рим: сот процесі жалғасуда

«Древний Рим» мейрамханасындағы жаппай төбелесте адам өлтірді деп айыпталған күдікті Юсиф Нурулу кәнісін ішінара мойындады. Ол суық қаруды қолға алғанын растағанымен, Рақымжан Жансейітті пышақтамадым,-деп отыр. Бүгін тергеу изоляторында өткен басты сот отырысында тағы екі күдікті азап көрдік,- деп сотқа шағым түсірді. 63 томдық қылмыстық істе Ресейге қашып кеткен Нарек Гурурянның бірінші болып пышақ алып, төбелесті бастағаны көрсетілген. Алайда, елімізге экстрадицияланбаған күдікті қай бап бойынша жауап беретіні әзірге белгісіз. Оның үстінен қылмыстық істің нешінші бап бойынша қозғалғанын мемлекеттік айыптаушы да жария етпеді. 13 күдікті де өздерінің кінәлі емес екендерін бейнебақылау камерасындағы жазба дәлелдеп беретінін тілге тиек етіп отыр. Алайда, судья аталмыш жазбаны ең соңында көретінін айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу