Е.БІРТАНОВ: ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖОҚ, БІРАҚ ИНФЕКЦИЯНЫ ӘКЕЛУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

Коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін. Бүгін тілшілермен кездескен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпті індеттен ешкім де шекарасын қорғай алмайтынын айтты. Әзірге 40-тан астам мемлекетте вирусты жұқтырғандар тіркелген. Коронавирус әсіресе Оңтүстік Корея, Жапония, Италия мен Иранда өршіп тұр. Сол себепті наурыз айынан бастап аталған мемлекеттерден келетін азаматтар да карантинға жатқызылады. Тақырыпты толығырақ әріптесім Алмас Мұсабек тарқатсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу