Екі баланың өліміне дүкеннен алынған тұшпара себеп болуы мүмкін

Шымкентте екі баланың өлімінен кейін оқыс оқиғаға себеп болуы мүмкін деген тұшпаралар дүкен сөрелерінен алынып тасталды. Қазір оған сот медициналық сараптамасы жасалуда. Бұл туралы полиция департаментіндегілер хабарлады. Айтуларынша қайтыс болған балалардың анасы тұшпара сатып алынған дүкеннен аталмыш өнімнің 18 қорабы тәркіленген. Әзірше тергеу амалдарына байланысты тұшпараның атауы жарияланбай отыр. Бірақ ол өңірге танымал брендтің өнімі дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік кеше Шымкентте бір үйдің үш бірдей баласы уланып, оның екеуі ауруханада көз жұмған болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу