ЭКИПАЖ МҮШЕЛЕРІ 14 КҮН САЙЫН КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН ТЕСТТЕН ӨТЕДІ

Елімізде жолаушылар ұшағының экипаж мүшелері әр екі апта сайын коронавирусты анықтайтын тест тапсыратын болады. Көлік саласындағы бас санитарлық дәрігер тесттің шығынын әуе компания өтейтінін айтты. Бұдан бөлек, Сәдуақас Байғабылов ұшақта барлық орындардың сатылмайтындығына тоқталды. Яғни қауіпсіздік үшін борт 60%-ға толса, 40% орын бос болуы тиіс. Жолаушыларға қойылатын ең басты талап- Covid-19-ды жұқтырмағаны туралы анықтаманың болуы. Құжаттың рас, жалған екендігі де әуежайда тексеріледі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу