ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС БЮДЖЕТТІ ҚЫРУАР ҚАРЖЫДАН ҚАҒАДЫ

Экологиялық кодекстің салдарынан қазынамыз қыруар қаржыдан қағылмақ. Мұны сала басшысы да жоққа шығармады. Айта кетейін, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Мәжіліске келіп, жаңа құжатты таныстырды. Енгізілетін жаңашылдықтар ішінде қоршаған ортаны еріксіз ластайтын компанияларға қойылған талаптар көп. Мәселен, озық технология орнатқан кәсіпорындар айналаны ластағаны үшін эмиссия төлеуден босатылады. Тақырыпты Жалғас Зейнолла сабақтайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу