ЭКСПОРТҚА ЖҮК АРТҚАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАР ШЫМКЕНТТЕ КЕПТЕЛІП ҚАЛДЫ

Экспортқа жүк артқан түркістандық шаруалар Шымкенттен шыға алмай жатыр. Ресей мен Беларусь еліне жолға шыққан қырыққа жуық көлік жүргізушілері фитосанитарлық сертификатты күтіп, өткен жұмадан бері қаңтарылып тұрғандарын айтады. Ал, маңызды құжатты беруі тиіс аумақтық инспекция басшылығы болса бар мәселе диқандардан келген өтінімдердің тым көптігі мен маман тапшылығына байланысты туындап отыр дейді. Тараптардың пікірін өңірлік тілшіміз тыңдап қайтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу