ЕЛБАСЫ ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Қордай оқиғаға байланысты Елбасы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Алдымен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан Нұрсұлтан Назарбаев оқиғаның себептерін мұқият зерттеп, кінәлілерді заң нормаларына сәйкес жазалауды тапсырды. Жиында зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру шаралары жайы сөз болды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның өңірлік филиалдарының жұмыс сапасына ерекше мән берілді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу