ЕЛБАСЫ НҰР-СҰЛТАН МЕН АЛМАТЫДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАРЖЫ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ

Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі медициналық орталық салынады. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасына ішкі резервтен медициналық кешендердің құрылысына қаржы бөлуді тапсырды. Тұңғыш Президент өзі де коронавирус жұқтырып, аман-есен емделіп шыққанын еске түсірді. Қазақстандықтарды түрлі вирустық инфекциялардан қорғау үшін қос мегаполисте бой көтеретін су жаңа орталықтар ғылыми-зерттеу ошағына айналуы тиіс,-деді Елбасы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу