ЕЛДЕГІ ІРІ КӘСІПОРЫНДАР ҮКІМЕТТЕН САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІК СҰРАДЫ

Елдегі ірі кәсіпорын иелері салықтық жеңілдік сұрауда. Атамекен ұлттық палатасының өкілі Жеңіс Жанболатова карантин алпауыт компанияларға да зиян келтіргенін мәлімдеді. Бүгінде Үкімет бірқатар бизнесті қолдау шараларын қабылданған. Алайда олардың басым бөлігі тек шағын және орта кәсіпке қатысты. Мәселен олар, табыс салығынан 6 айға босатылып, міндетті төлемдер 3 айға шегерілген. Енді ірі компания иелері де ай сайынғы аванстық аударымды кейінге қалдыруды сұрауда. Сондай-ақ, Қосымша құн салығын төмендетіп, оны қайтару өлшемдерін қайта қарастыруды өтінді. Қазір оларға жеңілдетілген түрде 70 пайызы автоматты түрде берілсе, енді бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу қажет деп отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу