ЕЛІМІЗДЕ 120 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Дәрігерлерге қауіп төніп тұр. Қазірдің өзінде аты жаман ауруды республика бойынша 120 маман жұқтырған. Белгілі болғандай, олардың 67-сі вирус анықталған науқастарды емдеймін деп, өзі де дертке шалдыққан. Бүгінде біреуінің жағдайы ауыр, ал тоғызынікі орташа деп бағаланып отыр. Жаға ұстатарлық ақпаратты бас санитарлық дәрігер бүгін ресми растады. Елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы әріптесім Гүлжайна Өмірбек тарқатып айтуға әзір.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу