ЕЛІМІЗДЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ КАРАНТИН ТӘРТІБІН БҰЗҒАН

Ал бірер сағат бұрын Ішкі істер министрі елімізде 2 мыңға жуық адамның карантин тәртібін бұзғанын мәлімдеді. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша заңды белден басқандардың 400-і ұсталып, бес жүзіне айыппұл салынды, қалғаны сот қарауында. Сондай-ақ, желіде жалған ақпаратты тарату бойынша 45 іс анықталып, бәрі тиісті түрде жазаланған. Карантинді пайданалып пайда таппақ болғандар да бар. Министрдің айтуынша заңсыз айналымнан 2 млн дана маска мен 10 тонна дезинфекция құралдары шығарылған. Тәртіп бұзғандар жайын тілшіміз Жалғас Зейнолла айтып беруге дайын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу