Елімізде әлеуметтік төлемдер 30 пайызға артады

Елімізде әлеуметтік төлемдер 30 пайызға артады. Мұны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры мәлімдеді. Алмас Құрмановтың айтуынша, аталған төлемдер еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылғандарға арналған. Жәрдемақыны арттыруға мүмкіндік беретін норма "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" жаңа заңда қаралған. Қазір ол – Мәжіліс депутаттарының қарауында. Халықты әлеуметтік қорғауды жаңартудың өзге де жолдары бүгін елорда өткен республикалық семинарда талқыланды. Тәуелсіздік сарайында болған жиын жайлы әріптесім Гүлжайна Өмірбек айтып беруге әзір.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу