ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Елімізде электр энергиясы қымбаттады. Оның өндіруші 44 ұйымының 34-і тарифті көтерген. Осылайша 9-ында бұрынғы баға сақталса, тек біреуінде керісінше төмендетілген. Мұны Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты. Оның пайымынша, электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы жылы энергия өндіруші ұйымдарға байланысты емес шығындар ұлғайған. Ал, станциялардың тозу деңгейі жылдан жылға артып келеді және қазіргі уақытта шамамен 60%-ды құрайды. Мұндай жағдай электр қуатын көрші елдерден алуға және оған жылына 8 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауға мәжбүрлейді. Өз кезегінде бұл электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді. Осыған байланысты, Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары сәуір айында шекті тарифтерді топтар бойынша түзетуге өтініш беріпті. Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдайды жеке қарастырған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу