Елімізде электр қуаты қымбаттады

Осы айдан бастап еліміздің үш өңірінде электр қуаты қымбаттады. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифі 3,2%-ға артқан. Ал еліміздің батысында 1 кВт электр қуаты үшін 16 теңгеден 16,03 теңгеге дейін көтерілген. Ал Маңғыстау облысында тариф бірден 3,37%-ға қымбаттаған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, нарықта баға жасау саясатына сәйкес, монополистер тауарлардың бағасын өз бетінше төмендетіп, арттыра алады. Сонымен қатар, бағаны бекіткен мекеме комитетке 5 жұмыс күнінің ішінде өзгеріс себебін түсіндіру керек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу