ЕЛІМІЗДЕ ЕТ ПЕН НАН ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін. Әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасы не себепті өсетіні жөнінде Ұлттық банк төрағасы түсіндіріп берді. Ерболат Досаевтың сөзінше, қараша айында жылдық инфляция күтілген болжамнан да төмен қалыптасып, 5,4 пайыздық көрсеткішті құраған. Мұндағы өсімді азық-түлік тауарлары қосып отыр. Олар бір жылда 9,7 пайызға қымбаттаған. Атап айтқанда, «Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,4 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің құнының 12,2 пайызға өсуі ерекше байқалады», - деді Досаев бүгін Үкімет отырысында. Сондай-ақ халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсімінің негізгі тәуекелдері болып отыр. Ұлттық Банк төрағасының айтуынша, қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдардың, сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан бағасы өсуі мүмкін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу