ЕЛІМІЗДЕ ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНДАР МЕН СОТТАЛҒАНДАРДАН ДА КОРОНАВИРУСҚА СЫНАМА АЛЫНА БАСТАДЫ

Елімізде қамауға алынғандар мен сотталғандардан да коронавирусқа сынама алына бастады. Бір процесс бірінші болып Шымкенттегі ИЧ -167-де 11 түзеу мекемесінде жүргізілді. Уақытша тергеу абақтысына жеткізілгендер тез арада оқшауланып, олар 15 күнге карантинге жатқызылуда. Мекеменің медицина мамандары арнайы тесттермен күдіктілерді тексеруден өткізіп, сынамаларды зертхалналарға жолдауда. Нәтижесі анықталғанға дейін сезіктілер түзеу мекемесінің арнайы карантиндік режимдегі бақылауына алынады. Түзеу мекемесінің ішіндегі сотталғандардан да ауру белгілері пайда болған жағдайда сынама алу көзделген. Уақытша ұстау абақтысының басшылығы бүгінде түзеу мекемесі аумағында барынша сақтық шараларға көшірілгенін айтады. Қызметкерлер арнайы бетпердеремен және залалсыздандыру құралдарымен қамтылып, мекемеге өзге азаматтардың кіріп-шығуы тоқтатылған. Күдіктілер сот процестеріне онлайн режимде қатысып, туыстармен де қашықтан сөйлеседі. Дәл осындай шаралар енді өзге өңірлердегі түзеу мекемелерінде де енгізілмек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу