ЕЛІМІЗДЕ КӨТЕРМЕ-ТАРАТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ КЕШЕНІН САЛУҒА 237,5 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

Оңтүстіктегі дихандардың мәселесі Үкіметке жетті. Өңірдегі шаруалар қырыққабатты экспорттай алмай, не ішкі нарыққа сата алмай отырғанын күні кеше көрсеткен едік. Проблеманы аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев бүгін Премьер-министрге жеткізді. Әкімнің айтуынша, аймақта көкөністі сақтайтын қордың тапшылығы да ахаулды қиындатқан. Бірақ Сауда министрі Бақыт Сұлтанов шаруалар сәл шыдаса, түйткіл шешіледі дейді. Себебі алдағы уақытта көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай кешені негізіндегі Ұлттық тауар өткізу желісі іске қосылады. Ол қазіргі жағдайды өзгерте ала ма? Тақырыпты Құралай Пионер сабақтайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу