ЕЛІМІЗДЕ ОҚ-ДӘРІ САҚТАЙТЫН 2 ҚОЙМА САЛЫНАДЫ

Биыл елімізде оқ-дәрі сақтайтын заманауй екі қойма салынады. Оның бірі Ақтөбе облысында болса, екіншісі қарағанды өңірінде. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев мәлімдеді. Оның айтуынша мұндай шара Арыстағы жарылыстан кейін қолға алынған. Енді жаңадан салынатын нысанға қойылатын басты талап қауіпсіздік болмақ. Сондай-ақ, олар барлық қалған қоймалардын жүктемесін барынша азайтуды және тұрғындардың қауіпсіздігін барынша сақтауды қамтамасыз етеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу