ЕЛІМІЗДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ ҰЗАРТЫЛУЫ МҮМКІН

Елімізде төтенше жағдай режимін ұзартуға қатысты шешім қабылдануы мүмкін. Осы мәселе бойынша Келер аптада Мемлекет басшысы телеарнадан үндеу жариялайтын болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады. Қазір елде сондай -ақ әлемде жағдай күрт өзгеруде. Ақпараттар легі өте көп. Оларға дер кезінде жауап беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев та жаңартылған форматта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Күн сайын видеобайланыс арқылы үкімет, мемлекеттік комиссия мүшелерінің және өңір әкімдерінің есебін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеп отыр

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу