ЕЛІМІЗДЕ ҮЙЛЕРДІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР

Елімізде үйлердің бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Мәселен, соңғы бір айда жылжымайтын мүліктің құны 6 пайызға өскен. Статистика комитетінің мәліметі бойынша өткен желтоқсанда жаңа пәтер құны бір шаршы метр үшін 293 мың 500 теңгені құрады. Барлық жағдайлары қарастырылған екінші нарықтағы үйдің ақысы болса, 6,2 пайызға артып, 200 мың 400 теңгеге жетті. Сондай-ақ осындай пәтерлерді жалға алу құны 7,1 пайызға өсті. Өңірлерде жаңа тұрғын үйлердің ең жоғарғы өсімі Қостанайда байқалды. Онда, Мұнда бір шаршы метрдің құны 10,2 пайызға артып, 229 мың 800 теңгеге жетті. Сонымен қатар қымбаттау әдеттегідей республикалық маңызы бар қалаларда тіркелді. Ал ең арзан пәтерлер Петропавл мен Тараз қаласында. Онда бір шаршы метрдің бағасы 140 мың теңге шамасында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу