Елімізде жыл сайын жол апатынан 2 500-ге жуық адам мерт

Елімізде жыл сайын жол апатынан шамамен  2500 ге жуық адам мерт болады. Он сегіз мыңнан астам жол апаты тіркеледі екен. Бул деректі Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаментіндегілер мәлімдеді. Тек, Елорданың өзінде жыл басынан бері  421 көлік апаты тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 2018 жылы елордада 365 жол көлік оқиғасы болған. Салдарынан 543 адам әртүрлі жарақат алса, 23 азамат  көз жұмған. Олардың 5-уі бала. Мамандардың айтуынша, көбінесе  7-і мен 10 жас аралығындағы мектеп оқушылары жиі зардап шегеді. Себебі жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесін сақтамайтын көрінеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу