Еліміздегі ауылдардың мәселесін шешуге 900 млрд тг бөлінеді

Еліміздегі ауылдардың мәселесін шешуге 900 млрд тг бөлінеді. Бұл қаражат 2027 жылға дейін қарастырылған. Қомақты ақшаның 70 пайызы республикалық, қалған 30 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Мұндай ақпаратты Үкіметте «Ауыл – Ел бесігі» мәселесі бойынша баяндама жасаған Премьер-Министдің орынбасары Роман Скляр жеткізді. Айтуынша «Ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселелер бар, жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажеттілігі туындап тұр. Әсіресе, инженерлік желілердің тозығы жетіп, көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді». Биыл іске арсырыла бастаған жоба осындай қордаланған мәселелерді шешуге ықпал етпек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу