Еліміздегі ең ірі букмекерлік кеңсенің қызметіне шектеу қойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздегі ең ірі Олимп букмекерлік кеңесесін ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырды деп айыптап, қызмет көрсетуге шектеу қойды. Қазіргі уақытта мамандандырылған Алматы ауданаралық соты жауакершілігі шектеулі серіктестік "Only bet" және "Alpha bet" кеңселерінің лицензиясын 6 айға тоқтатты. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу мәліметі бойынша аталған компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, интернет-ресурст арқылы табыс табумен және лицензияланбаған қызметті жүзеге асырған. Сәйкесінше бұл қызмет үшін салық төленбеген. Сондай-ақ, елімізден заңсыз ақша шығару каналы анықталып, оған шектеу қойылды. Бұдан бөлек, тағы басқа да қаржылық заңбұзушылықтар анықталған. Тергеу жалғасуда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу