ЕЛОРДА ӘКІМДІГІ АЗАМАТТАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛУҒА 11 112 ТЕҢГЕДЕН ТАРАТАДЫ

Ал Елордада әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 11 мың 112 теңгеден берілетін болды. Шара Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің бұйрығына сәйкес орындалып отыр. Мақсаты - төтенше жағдай кезінде тұрмысы нашарлаған отбасыларға азық-түлік алуға жәрдемдесу. Қаржы 4 айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тағайындалған. Талапқа сәйкес, төтенше жағдай режимі біткенше берелетін жәрдемақыны 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, олардың қамқоршылары және бірінші-екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар алуы тиіс. Олардың жалпы саны 30 мыңға жуықтайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу