ЕЛОРДА ӘКІМДІГІ ҚАТЕ АҚПАРАТ ТАРАТУ АРҚЫЛЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖАҢЫЛЫСТЫРЫП ОТЫР

Елорда әкімдігі қате ақпарат тарату арқылы кәсіпкерлерді жаңылыстырып отыр. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының заңгері айтады. Оның сөзінше, әкімдікте аса қажетті жерлерде медициналық орталықтың жоқтығын көрсететін интерактивті карта іске қосылған. Соған қарап, өткен жылы 4 кәсіпкер емхана ашқан. Сөйтсе, жүйенің жаңартылмағанына бір жыл болған. Бұған қоса, әкімдіктің үйіп-төккен құр бос уәдесіне сеніп, емхана басшылары шығынға белшесінен батып отыр. Бұл мәселені денсаулық басқармасының басшылығы мүлде басқаша өрбітуде. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Әріптесім Арай Сүгірбай мән-жайды анықтап көрді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу