ЕЛОРДА МАҢЫНДАҒЫ 7 ЕЛДІМЕКЕН КАРАНТИН АЙМАҒЫНА ЕНДІ

Сондай-ақ, бас қаланың маңындағы 7 елдімекен карантин аймағына енді. Бұл туралы мәлімет елорда әкімдігінің сайтында жарияланды. ГРАФИКА: Атап айтсақ, олар: Қосшы, Тайтөбе, Қызылсуат, Қоянды, Ыбырай Алтынсарин, Талапкер және Қараөткел ауылдары. Бүгін түннен бастап аталған елдімекен тұрғындары қалаға еш қандай шектеусіз қатынай алады. ГРАФИКА-2: Дейтұрғанмен, қалаға кіретін барлық жолдар жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Онда тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерилерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бекеттер Жібек жолы, Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Қоянды ауылдарының маңында орналасқан. Айта кетейін, карантин кезінде қаладағы қоғамдық көлік кешкі 9-ға дейін ғана жүретін болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу