Елордада 1 қаңтардан бастап қоқыс шығару тарифі 2 есеге артады

Елордада 1-ші қаңтардан бастап қоқыс шығару тарифі 2 есеге артады. Мұндай ұсынысты мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді. Жаңа жылдан бастап баға абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін 390 теңгені, абаттандырылған үйлер үшін 466 теңгені құрайды. Жыл соңына дейін қолданыста болатын бұрынғы тариф 8 жыл бұрын бекітілген. Оның мөлшері 246 теңге. Ал жаңа стандарттар бойынша қалдықтарды шығару, қайта өңдеу және полигонда көму керек. Осы секілді шығындар тарифті көтеруге себеп болып отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу