ЕЛОРДАДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ 16 ІС-ШАРА ЖОСПАРЛАНҒАН

Ауырғандар күн санап, артып жатса да Астана күні тойланатын болды. Айтулы мейрамда барлық санитариялық шаралар сақталады, - дейді әкімдіктегілер. Биыл ел астанасының сарыарқа төріне көшкеніне 22 жыл толады. Коронавирус салдарынан мерекелік бағдарламалар жабық залдарда емес, ашық аспан астында ұйымдастырылмақ. Келушілерге ара-қашықтықты сақтау талабы қойылып, онлайн көрсетілім де көзделген. Тікелей байланыста тұрған тілшіміз Жалғас Зейнолла баяндап беруге дайын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу