Елордада Фариза Оңғарсыноваға көше атауы берілді

Елордада Фариза Оңғарсынова атындағы көше ашылды. Ақын есімі ЭКСПО мұражайы маңындағы жаңа көшеге берілді. Күннің суығына қарамастан ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, депутаттар және ақынның оқырмандары көптеп жиналды. Шараға ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов та қатысты. Поэзия падишахының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шара түстен кейін де жалғасты. Ұлттық кітапханада ақынның қос кітабының тұсауы кесілді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу