Елордада студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Елордада 3 мыңға жуық жасты студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ашып, 30-дан астам үздік білім иелеріне студенттік билетті табыстады. Айта кету керек, бас шаһарда 245 мыңнан астам жас бар. Оның ішінде студенттер 82 мың болса, 56 мыңнан астамы 16 жоғары оқу орнында, 25 мыңы колледждерде білім алуда. Бүгінгі салттанатты жиын алғаш студент атанып, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан 15 мың студенттің құрметіне арналып отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу